Бруно Марс Jay-Z-ді шаң қаптырды! Әйгілі «Image Awards» марапаты әділ түрде өтті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тынымсыз еңбегінің арқасында, 2017 жылы толағай табысқа жеткен өнерпаздардың жүлделері таусылмақ емес. Калифорнияда «Image Awards» марапаты өз жеңімпаздарын анықтады. Сонымен, арнайы сыйлыққа кім лайық деп танылды?

Америкалық «Image Awards» жүлдесі 1967-жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл 49-шы рет ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – кино, телевизия, театр мен музыка саласының кіл мықтыларын марапаттау.

Бұл жылы, Джей Зи мен Кендрик Ламарға қарағанда «Жыл әртісі» атағына лайық деп танылған Бруно Марс, үш бірдей аталым бойынша арнайы марапат еншілеп қайтты. 

Бұл жүлделерді әріптесіне қиған хип-хоп орындаушысы Кендрик Ламар еш өкінбейді. Есесіне Риана екеуі «Лоялити» әнінің арқасында «Үздік дуэт» деп танылды.

Кино саласындағы еңбегі үшін Энтони Андерсон, Трейси Эллис Росс, Джей Эллис сынды бір топ актердың қоржыны жүлдеге толды. Марапатқа үмітті емес өзге меймандар қызыл кілеммен жүріп өтіп, тың образдарын жұртқа жарнамалауды ұмытпады.