Криштиану Роналду «Реалдан» кете ме?! Бұл тақырып төңірегінде дүниежүзілік БАҚ беттері жарыса жазуда.

Сообщить о проблеме с эфиром

Испандық клуб призиденті Флорентино Перес, енді жұлдызды футболшыға өзге командаға ауысу жайлы келіссөздер жүргізуге рұқсат еткен көрінеді.

Клуб президенті мен Роналдудың қарым-қатынасы, «Реал» 2017 жылғы чемпиондар лигасын ұтқан соң бұзылған еді. Перес мырза шабуылшының корольдік клубпен 2021 жылға дейін жарамды келісімшартын жақсартуды қаламаған. Криштиану өзін биылғы жазғы трансферде басқа командаға ең кемінде 100 миллион еуроға сатқанын қалайды екен.