«Ринголық» Аян Бірбаев жаңа туған сәбиіне есім таңдай алмай дал.

Сообщить о проблеме с эфиром

Оқырмандар кеңес беріңіздерші! Бүгінде өнер жұлдыздарының, әлеуметтік желіде жанкүйерлерінен ақыл сұрайтын әдеті бар. Мәселен, «Ринголық» Аян Бірбаев та, сәбиіне қоятын ат таппай халыққа жүгінген. Алайда, көпшіліктің кеңесі оларға қаншалықты көмектесіп жүр?

«Ал Давайлық» сері  Шоқан Маратұлы атұстары дүниеге келген соң, сәбиіне есім таңдарда біраз әбігерге түсті. Жұбайы Әнел Баталова екеуі лайықты ат таба алмай, әншіге әлеуметтік желідегі жанкүйерлерінен көмек сұрауға тура келген.

-Сіздерге қандай ер адамдардың есімдері ұнайды? Өздеріңіздің нұсқаларыңызды жіберулеріңізді өтінемін. Мүмкін бізге көмектесіп қаларсыз.

Ұзақ ойланған Шоқан, кейін жақындарын жинап, оқырмандары тарапынан ең көп ұсынылған есімдердің тізімін жариялайды. Отбасы мүшелері олардың арасынан тек біреуін дереу бірауыздан қолдаған. 

Әнел Баталова, Ш.Маратұлының жары:

-Ұлымыздың атын Әлімхан деп қойдық. Сәбиімді әзірге өзіммен бірге алып жүрмеймін. Себебі, ол әлі кішкентай...

Халықтың сүйіктісі Сәкен Майғазиев те, үшінші нәрсетесіне ат қою үшін әлеуметтік желі арқылы арнайы пост жариялаған болатын.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Ұлымның таңдаған есімі. Шынында өте пәк, таза әйел болып саналады ислам әлемінде де. Сол себепті Мәриям анамыздың есімін ұлым қатты таңдады, ұнатты.

Күні кеше екінші рет әке атанып, сүйінші сұраған Аян Бірбаев дәл қазір кестетігеріне ат таңдай алмай дал. «Диана» және «Сая» есімдерін ұнатқан өнерпаз, инстарам желісі арқылы көпшілікті дауыс беруге шақырды.