«Сыры кетсе де, сыны кетпеген» - Кейт Мосс пен Наоми Кемпбелл Louis Vuitton сән сахнасында жарқырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наоми Кемпбелл мен Кейт Мосс бүгін фэшн сыншылар мен жанкүйерлерінің талқысында! Себебі, қос сылқым Louis Vuitton -ның күз-қыс 2018-19 топтамасын Париж төрінде таныстырды.

Супер сәнбикелер подиумға көтерілгенде, көпшілік тік тұрып қошамет көрсеткен. Бұған дейін, сән үйінің дизайнері Ким Джонс брендпен 7 жылға ұласқан серіктестігін біржола тоқтататындығын хабарлағанды. Бұл - Louis Vuitton үшін жасаған соңғы топтамасы.

Фэшн шоу қонақтары арасында көзге оттай басылған - Бэкхемдер жанұясы болды. Отағасы мен отанасы, ұш ұлымен бір стильде киініп келіп, көпшілікті таңдандыруды ұйғарыпты.