Продюсер Ерлан Әлімовпен ат құйрығын үзіскен Индира Еділбаеваға енді Айдана Меденова қолдау көрсетпек.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерлан Әлімовпен ара-қатынасын үзген Индира Еділбаева, жеке шығармашылықты қайта қолға алды. Кезінде өзара түсініспеушіліктің кесірінен, қос тарап әріптестікті тоқтатқан еді. Енді, жас қызға Айдана Меденова демеу болмақ...

Ерлан Әлімов, продюсер:

- Оның достары бар шыны керек, құлаққа сыбырлайтын. Бізге бармайсың ба, бізбен жұмыс жасамайсың ба..?! Продюсермен жұмыс жасаудың қажеті жоқ деп. Индира оларды тыңдап, сосын бір күні айтты жіберіңізші деп, мақұл айттым, жібере салайын онда...

Индирамен арадағы келісімшарттың тосыннан бұзылуын, Әлімов дәл осылай түсіндіреді. Енді, Еділбаева араға жыл салып жеке шығармашылығын қайта қолына алды. Бұл жолы өз күшімен еңбектенуге бекінген әнші қыз, продюсерсіз жұмыс жасаудың оңай еместігін, Ерланмен ат құйрығын үзіскен сәтте-ақ түсінген.  

Индира Еділбаева, әнші:

-Ерланды ренжітіп кеттім деген ой болды. Сондықтан, мен өкіндім... Продюсер енді өзі бәрін істейді. Өзі әндерін табады, ақшасын төлейді деген сияқты.

Индирамен қош айтысқан Ерлан, көп ұзамай Зируза есімді жас қызды қанатының астына алған-ды! Бүгінде Еділбаева экс-продюсерінің жаңа жобасын жоғары бағлап отыр. 

Индира Еділбаева, әнші:

- Менің ойымша ол қыз өте дарынды. Олар енді профессионалдар. Сондықтан да, өз жұмыстарын жақсы жасайды.

Индираның тың трегі «Ойлан» деп аталады. Шоу-бизнеске қайта оралған әнші қызды, өнердегі аға-әпкелері қолдауға келгенде қол қусырып қалмаған.

Индира Еділбаева, әнші:

- Қазір Айданамен араласамын, Айдана  Меденова... Және де, осы жаңа әнімді қолдаған әріптестер бар. Дастан Оразбеков қолдады, Дильназ Ахмадиева... Соларға мың алғыс!