«Глюкоза» мен «Серебро»-ның жұлдызын жаққан ресейлік продюсердің көзі Түнтековке түсті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан екі ай бұрын сахнаға қайта оралдым деген Қайрат Түнтековке, шетелдік азулы продюсерлердің көзі түсіп жүрген көрінеді. Әншіні қанатының астына алмақ ниеттілердің қатарында, аты әйгілі ресейлік Максим Фадеев те бар. Өнерпаздың өзі бұл туралы не дейді?

 

Төрт жылдық үзілістен кейін, үлкен камбэк жасауға белін бекем буған Қайрат Түнтеков, бұл күндері діттегеніне жету үшін барын салуда. Жуырда ғана әнбайқауының жеңімпазы атанған оған, жан-жақтан толассыз ұсыныстар білдіріп жатқандар жетерлік.

 

Қайрат Түнтеков, әнші:

-Ұсыныстар түсіп жатыр, шетелден де түсіп жатыр, Ресейден де түсіп жатыр. Продюсерлік орталық Максим Фадеевтің продюсерлік орталығы. Сол кісінің өзі де кішкене шақырту үстінде болып жатыр. Әрине, енді Қытайдан да ұсыныстар түсті. Көреміз енді қайда баратынымызды.

«Глюкоза» сынды  ресейлік әншілерге танымалдылық сыйлаған Фадеев мырзамен жұмыс істеуім де бек мүмкін деген Қайрат Түнтеков, Қазақстандық продюсерлермен ортақ іс атқаруға мүлде құлықсыз..

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Біраз продюсерлермен жұмыс істеп тастадым. Он төрт жылдың ішінде біраз нәрсені көрдік, үйрендік. Сондықтан, Қазақстанда өзіміз жүре береміз осылай жұмыс жасап.

Жеке продюсері болмаса да, дарын иесі бұл күндері талай істі тындырып тастаған жайы бар. Қатарынан бірнеше ән жазып, көктем шыға салысымен өзінің жеке кешін өткізбек ниетте.

Қайрат Түнтеков, әнші:

-Үлкен шоу-концерт болады. Ол жерде мені басқа образда көресіздер.  Еуропаның стандартымен істегім келіп жатыр концертті. Енді, әрине жанды дауыс ол бір, шоу ол екі.

Екі сағат бойы жалғыз өзім, жанды дауыста тыңдарманға тамылжыта ән саламын деген Қайрат Түнтеков концертіне кірісіп кеткен. Одан бөлек, жуық арада жаңа бейнебаянын таспалауды да ойласытырып қойған...