«Оскар» жүлдесіне үміткерлер тізімі жарияланды! Әйгілі марапатқа «Анаға апарар жол» картинасы таласқа түсе ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Америка киноакадемиясы «Оскар» жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады. Өкінішке қарай, Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы таңдаулылардың арасына іліге алмады. Бұл жолы, қазылар алқасының көңілінен шыққан қай фильм?

 

Мексикалық режиссер Гильермо дель Тороның "Форма воды" фэнтези мелодрамасы 13 аталыммен тізімде көш бастап тұр. Картина бұған дейін «Алтын Глобус», «Продюсерлер Гилдиясы» марапаттарынан арнайы жүлделерді жеңіп алған-ды.

 

Гильермо дель Торо, режиссер:

-Мен үшін марапат маңызды емес. Ең бастысы, әрі қарай да ерекше фильмдерді түсіре бермекпін.

Сегіз марапатқа үмітті «Дюнкерк» әскери драмасы да мықтылар қатарында. Ал, фильмнің режиссері Кристофер Нолан «үздік режиссер» атанып қалуы бек мүмкін.

Кристофер Нолан, режиссер:

-Фильм арқылы қан-жоса соғысты көрсетуді мақсат тұтпадық. Ондай картиналар жетерлік. Біз бар болғаны тарихи оқиға арқылы, адамдарға ой салғымыз келді.

Мартин Макдонахтың "Три биллборда на границе Эббинга, Миссури" криминалды комедиясы болса, жеті жүлдеге үмітті.

Салли Хоукинс, Фрэнсис Макдормэнд, Сирша Ронан, Марго Роби мен Мэрил Стрип сынды дарындылар өзара «Үздік актриса» атағына таласпақ.

Ерлер арасында арнайы жүлдені үшін Тимоти Чаламет, Дэниел Дэй-Льюис,  Дензел Вышингтон, Гэри Олдмен мен Дэниэл Калую жарысқа түспек.

Гэри Олдмен, актер:

- Фильмді таспалау барысында жұмыс күніміз ұзаққа созылатын. Сағаттап бетіме грим жасатып, әрдайым бояумен жүру оңай болмады. Алайда, шыдамдылықтың арқасында барлығын еңсердік...

Әлемге әйгілі марапаттың нәтижесі, наурыздың 4-інде белгілі болмақ.