Ай-күні жақындаған Салтанат Бақаева, декреттік демалыстан неге бас тартты?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мамандыққа деген махаббат немесе табысты тоқтатпаудың жолы! Әйтеуір, Салтанат Бақаева перзентханаға жеткенше, жұмыстан қол үзіп қалмауға бекінген. Ал, декреттік демалыс ше?! Әнші мұндай қадамға баруының себебін түсіндірді.

«Жүкті болсам да, жұмысымнан қол үзгім келмейді», - дейді үшінші мәрте ана атануға ниетті Салтанат Бақаева. Иә, аяғы ауыр әншінің шығармашылыққа деген шабытын байқамау мүмкін емес. Таяуда ғана су жаңа клиптің тұсауын кескен бикештің, декреттік демалыста да өнерден қол үзбеуі үйреншікті жағдай екен.

Салтанат Бақаева, әнші, актриса:

- Мен Алла қаласа мінекей екі ұлым бар. Екі ұлымда да жұмысымды тоқтатпадым десем де болады. Ешқандай демалыс болған жоқ. Ең бастысы денсаулық. Денсаулығың жақсы болса, жұмысыңды да жалғастырып кетесің.

Бүгінде Бүркіттің отбасы да үшінші перзенттерін күтіп жүр. Аиша декреттік демалыс алса, шығармашылықты керісінше шетке ысырып, бар уақытын үй мен баласына арнайтынын айтады. Жұлдызды жұптың жанұясы, сәуір айында тағы бір жанмен толықпақ.  

Бүркіт & Аиша, әнші:

- Мен керісінше сахнаға көп шықпауды жөн көремін. Және де ұшаққа отыруды азайтамыз. Бұл менің жүкті кезімдегі ұстанымдарымның бірі.

Мамандыққа деген махабат осы шығар, сірә! Ана атанып, бөбегін бауырына басқан сәтте-ақ, сүйікті ісіне белсене кірісетін жұлдыздар жетерлік. Мәселен, өткен жылы Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайдың туғанына 2 ай толғанда, баласын бас қалаға қалдырып, Алматыға келіп клип түсіргені әлі есімізде...

Мөлдір Әуелбекова , әнші:

- Бұл менің өзімнің жолдасымның шешімі. Енді, қаншама уақыт үйде отырдым, халық күтіп отыр. Сол себепті, көп күттірмей сахнаға қолдан келіп жатса шыға бер деді. Бұл ұзаққа созылатын түсірілім емес қой. Қазір өзімнің үйіме қайтамын ұлыма...