«Newton» тобының жігіттері жеке шығармашылыққа бет бұрды! Q-pop бағытындағы бойзбэндтің жұмысы тоқтай ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Құрамына ауыс-түйіс жасау үрдісі кью-поперлерге де келіп жетті.  Бұдан былай «Ньютон» бойзбендінің рэпері, жеке шығармашылығын қолға алып, топтағы жұмысын тоқтатпақ. Ұжымның ендігі тағдыры не болады? Жігіттердің қазіргі қарым-қатынасы қалай?   

 

«Newton» тобы:

 

- Біздер иә бесеу болдық. Осыдан 2-3 күн бұрын, біздің группадан Аян Бекзатхан деген рэпер топтан шығып кетті. Ол өзін сольный артист ретінде көбірек көрді деуге болады. Сондай шешім қабылдап, біздерге түсіндірді, біз оны қабылдап, қолдадық.

Иә дәл осы жігіт топтағы жұмысын тоқтатты. Бүгінде төртікке айналған ұжым мүшелерінің арасында, осы уақытқа дейін талай мәселеде өзара кикілжің болған көрінеді. Соңында Аянның жеке кетуіне тура келген.   

«Newton» тобы:

-Біздер ұрыссақ 5-10 минуттан кейін қолын береді. Кім дұрыс болса да, дұрыс болмаса да келіп кешірім сұрайды. Өйткені, біздер қаламаймыз бір-біріміздің арамызда ұрыс болғанын.

Аян бұл бойзбендте тректердің мәтінін жазып, рэпер ретінде танылған-ды. Сонымен қатар, топ көшбасшысы ретінде сайланған.

«Newton» тобы:

-Ойламаймыз көшбасшы үлкен нәрсені шешеді деп. Мұнда ең бастысы командалық жұмыс. Бір-бірімізді тыңдай білу. Ең бастысы сол.

Топтағы тосын өзгеріс, фанаттарына да оңай тимепті. Жік-жікке бөлінген жанкүйерлердің бір легі «Ньютонды» қолдаса, екінші тарап Аянды ақтап әлек. 

«Newton» тобы:

- Пауэрстар, фанаттар деуге болады. Өте ауыр қабылдады. Дәл біз қалай қабылдадық, олар да солай қабылдады. Былай олар жақсы сөздер жазып жатыр. Аянды қолдап жатыр, бізді де қолдап жатыр.