Головкин мен Альварес — 2! Қос боксшы ресми түрде рингте қарымты кездесу өткізбек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкин мен Альварес екінші рет жұдырықтасады. Жекпе-жектің 5 мамырда өтетіні жайлы боксшылар мен промоутерлері хабарлады.Бұл күні Мексика халқы «Синко де Майо» атты ұлттық мерекесін тойлайды! Төрт тұжырым бойынша әлем чемпионы Геннадий мен мексикалық боксшы Саульдің қарымта айқасын, НВО телеарнасы ақылы көрсетелім бойынша таратпақ.

«GGG мен Канелоның» алғашқы рингтегі кездесуі тең аяқталған болатын. Ендігі жекпе-жекте қазақстандық боксшы барлық чемпиондық атағын бәске тіксе, мексикалық The Ring журналының белбеуін қорғайды. Орта салмақтың қос мықтысы Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас қалаларының бірінде қолғап түйістіруі мүмкін.