«Қайрат Арена»! 60 жылдық тарихы бар Алматы Орталық стадионы жаңартылмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматы Орталық Стадионы енді «Қайрат Арена» деп аталса қалай қарайсыз?! Тарихы бай спорттық нысан таяуда қайта жөндеуден өтіп, сыйымдылығы да артпақ. Оңтүстік астананың намысын қорғайтын «Қайрат» футбол клубының жаңа үйі қандай болмақ?

«Қайрат» футбол клубының қожайыны Боранбаев, өз инстаграм парақшасында келешек «Қайрат Аренаны» осылай таныстырды. Күрделі жөндеу мен жаңғыртудан кейін Алматы Орталық стадионы осындай кейіпке енбек. 1958 жылы ашылған бұл спорттық нысанына 25000-ға жуық адам сияды.

1960 жылдан бері «Қайраттың» ресми матчтарын, түрлі спорттық шараларды үздіксіз өткізіп келе жатқан стадион, Алматылық тарихы бай футбол клубының айнымас белгісіндей. Енді, жаңа дизайн мен заманауи жабдықтауға ие болатын бұл стадион 30 000 орындық алып аренаға айналмақ.

Еуропалық деңгейдегі футбол сайыстарын қабылдау үшін, Орталық стадион 2011 жылы реконструкциядан өтті. Дегенмен, УЕФА аясында доп тебетін «Қайраттың» жаңа аренасының болуы тек уақыт еншісінде еді. Заманауи талаптарға сай салынатын «Қайрат Аренаның» құны қанша болары белгісіз.

Салыстармалы түрде, 2018 жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын Ресейде, бірнеше жаңа стадиондар бой көтерді. Солардың бірі: «Самара Арена» 330 млн доллар; «Волгоград Арена»  300 млн доллар; «Стадион Калининград»  310 млн долларға салынған. Ал, «Екатеринбург Арена» 100 млн долларға қайтадан реконструкциядан өтіп, сыйымдылығы 35 000 адамға өскен.