Соколовский мен Дакота сәбилерін де ютуб жұлдызына айналдыруды көздеп отыр.

Сообщить о проблеме с эфиром

Әкесі футбол жұлдызы, анасы атақты сәнгер болса,  Бекхэмдер жанұясының балалары да атақты болуға ұмытылатыны сөзсіз. Мысалы, ресейлік танымал әншілер Соколовский мен Дакота, тұңғыш сәбилерін де ютуб жұлдызына айналдыруды көздеп отыр. Оның әдіс-амалы қандай?

Әлемнің түкпір-түкпіріне саяхаттаумен, блогер ретінде де таныла бастаған  Влад Соколовский мен Рита Дакота, өткен жылдың күзінде қызды болған еді. Қос әнші бұған дейін сәбилерін жұрт көзінен жасырып келген. Енді, ата-анасы кішкентай Мияны өз аудиториясына таныстырды. Жалпы, ютубта жеке блогы бар, миллиондаған көрерменге ие жұлдызды балақайлар жетерлік.

Ал, соңғы уақытта  Зэйн Малик пен Джиджи Хадид ел алдына бірге сирек шығып жүр. Жұрт мұны қос жұлдыздың жұмыс кестесінің тығыздығына жориды. Екі ғашықты қырағы папарацци бұл жолы, Нью-Йорк көшелерінің бірінде серуенден жүрген шақта ұшыратты. 2015 жылдан бері кездесетін аталмыш жұптың жанкүйерлері, жақын уақытта той болар деген үмітпен жүр.

Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли болса, Парижге ұшып келіп Францияның бірінші ханымы Брижит Макронмен кездесті. Екеуінің бірге түскен фотосы, жаһандық ақпараттық сайттарда лезде жарияланып, жаңалықты жұрт қызу талқылады. Актриса келешекте өзін саясат сахнасында жиі көргісі келетін сынды.  Анджелинаның алты баласын ертіп, француз елінің астанасында қыдырған сәттері де папарацци назарынан тыс қалмаған.