«91»-лік мемберлер саяхат барысында қандай тосын оқиғаларға тап болған?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ninety one»-дық серілер Сеул сапарынан алған әсерлерімен бөлісуге асық. Тіпті, мемберлер кейбір болған жағдайлардан есеңгіреп қалғандарын да жасырмайды. Он күнге жалғасқан саяхат туралы, серілердің өздері айтсын.

«Ninety one» тобы:                                                                                       

Бізді ғимараттарынан бұрын адамдарына өте таңқалдық. Ұқсастықтарымыз өте көп екен. Қаншалықты көп айырмашылықтар болса, соншалықты көп ұқсастықтарымыз бар екен Корей халқымен. Себебі, өте қонақжай халық. Бізді өте жақсы қарсы алды.                                    

Корей жұртының ыстық ықыласын сезінген мемберлер, бірден Сеул қаласының көрікті жерлерін аралауға кіріскен. Соның ішінде, «Найнти уандықтар» шығармашыл жандар басын қосатын «Хондэ» ауданындағы, жергілікті жастардың өнерін тамашаламай кете алмапты.                                                                 

«Ninety one» тобы:                                                                                          

- Сөйтіп қарап тұрған кезде, біреудің ырғағын ұстап тұрған кезде, «өй сендер дұрысынан ырғақ ұстайды екенсіздер», - деп шақырып алды біреу, сөйтсе жүргізуші екен. Тұрды да мә деп микрофон ұстатып қойды. Сөйтіп, бәрі басталып кетті аяқ астынан.

Бұл саяхат барысында кью-поп орындаушылары келеңсіздеу оқиғаларды да бастан кешірген.                                                                                                                                  

«Ninety one» тобы:

- Менің көзқарасыммен жағдай мүлде басқаша болды, себебі мен ол кезде жоғалып кеткен болатынмын. Топтан асып алдыға кетіп қалдым да, сосына қайтадан іздеп-іздеп жүрсем, топтың ортасынан «Зак» пен «Эйзиді» байқадым, енді рэп оқиын деп жатқан. Сөйтіп мен шок болып ана жерде...

Шет елден шығармашылық шабыт іздеген мемберлер, кәріс фанаттарын да тауып үлгерген.

«Ninety one» тобы:

-Бәрі біткеннен кейін, аяқ астынан камераға түсіріп, ютубтан іздеп, кімсіңдер несіңдер деген сияқты. Одан кейін қолтаңбалар алып, газетке суретке түсіріп алып, бір қарасақ біреудің тікелей эфирінде жүрміз.

«Ninety one»-дықтардың қызығы мұнымен бітер емес. Мемберлер, иглзға тосын сый әзірлеуде. Ол туралы толығырақ «Ревю» бағдарламасында айтатын боламыз!