Тіл-көзден қорықпаймын! Джессика Альба сәбиінің суретін әлеуметтік желіде жариялады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джессика Альба да қайырымдылық мақсаттағы игі бастамаларды қолдайтын жұлдыздардың бірі. Алайда, актриса бұл күндері өзгелердің қамын ойлатын күйде емес. Ару, өз парақшасына қырқынан шықпаған шақалағының суретін жүктеп, жанкүйерлерінің жүрегін елжіретті.

Джессика Альба сәбиінің туғанына бір ай толғанда, атұстарын дәл осылай  таныстыруды жөн көріпті. Үшінші рет ана атанып отырған арудың суретінен, оқырмандары шақалағы екеуінің жағдайы жақсы екен десті. Өнер иесі, сезімге толы фотоның астында жазба қалдыруды да ұмытпаған. 

- Барлық күнім Хэйеспен бірге өтуде. «Грейс және Фрэнки»-ді тамашалап отырмыз. Төртінші маусымына дейін көріп тастадым. Телехикаяның біткенін қаламаймыз.

Күні кеше Роналду британдық модель Райан Сагденге хабарлама жазып, сылқымға көз салды деп жұрт дүрліккен еді. Алайда, сары басылымдардың қаңқу сөзін, сері өз отбасымен түскен суреті арқылы жоққа шығарғандай. Аяқдоп шебері, жұбайы және қос сәбиімен еш алаңсыз хауызда шомылып жүр.

Кевин Спейсиге күніміз қарап қалмады..! «Netflix» компаниясы атышулы актерсіз-ақ, «Карточный домик» телехикаясының сегізінші бөлімін таспалауға, білек сыбана кірісіп кетті. Туынды авторлары, әйелдерге зорлық көрсетті деп айыпталған өнер иесінің, орнын басар актерды тауып қойған. Картинаның жұлдызын енді Робин Райт жақпақ!