«Найнти уандықтар» шоу-бизнестегі жаңа ұжымдарға қатысты пікір білдірді.

Сообщить о проблеме с эфиром

 Q-pop – ол тек шаш бояу емес! «Найнти уандық» жігіттердің дәл осы музыкалық бағытқа байланысты айтары бар. Ал, мемберлер қазақ эстрадасында «жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай» көбейіп келе жатқан топтар туралы пікірлерін білдірді.

Отандық сахна төріне жаңадан қадам басқан топтардың, саны күн сайын артып келеді. Бүгінде, ашық-жарқын образдарына қарап, мұндай жас өнерпаздарды қалың көпшілік бірден q-pop орындаушыларына балауда. Алайда, «Найнти уандықтар» бұл қалыптасқан қағиданың дұрыс еместігін алға тартады.

«Ninety one» тобы:

- Негізінде, q-pop-тың әртісі шаш бояу немесе сырға тағу керек деген сияқты, заңдарға тұрақталып қалған ештеңе жоқ. Әрбір әртіс өзі біледі, қалай өнерін көрсеткісі келеді, солай көрсете алады.

Олай болса, «кью-поптың» өзге бағыттардан айырмашылығы қандай? Дәл осы сауалды мемберлердің өзіне қойып көрдік.

«Ninety one» тобы:

- Q-pop ол көп, шынымен де өмірлік ұстаным, ол жол, ол толқын. Егер де, мен q-pop бағытында болсам, q-pop деген қазіргі заманға сай, q-pop адамдар десе де болады.

Отандық шоу-бизнесте әрқайсысымызға орын бар, тек шығармашылық шабытымыз сарқылмасын деген «Найнти уандықтар», өзге ұжымдармен достық қарым-қатынасты жақтайды.

«Ninety one» тобы:

-Біз жалпы барлық топтармен қарым-қатынастамыз, бірақ көп болды балалармен араласпағалы. «Мунлайт», «Блэк дайл» сияқты, тағы басқа басқа.

Тіпті, мемберлер өнер жолындағы әріптестеріне қол ұшын созып, жол сілтеуге де әзір. Ал, барша иглз кью-поп бағытының бүге-шүгесін «Найнти уандықтардың» реалити-шоуы арқылы біле алады. Жаңа жоба 19 ақпаннан бастап НТК арнасынан көрсетілмек!