ХХIII  қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында, Қазақстанның көк байрағын кім ұстап шықпақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында, 23-ші қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталды. 95 ұлттық Олимпиадалық комитеттің атынан, 2 900 спортшы бұл ақ аламанда бақ сынамақ. Ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын ұстап шыққан кім? Қай спортшыдан медель күтеміз?

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды. Дүниежүзінің назары бүгін Азияның шығысы - Оңтүстік Корея еліне ауып отыр. Төрт жылда бір келетін жаһандық ақ аламанның, екі сағатқа ұласқан ашылу салтанатында, түрлі шоу-қойылымдар көрсетіліп, спортшылар шерумен жүріп өтіп, ресми өкілдердің сөз сөйледі.

Бұған  дейін ұйымдастырушылар хабарлағандай, аталған мерекенің даярлық жұмысына 300-ге жуық адам қатысқан екен. Ал, ашылу салтанатының арнайы қойылымына 2 мыңға жуық актер атсалысқан. Сайысқа қатысушыларды таныстыру да өз алдына абыройлы сәт. Қазақстанның көк Туы біздің  спортшылардың шеруін бастап шыққан шорт-трекші, Абзал Әжіғалиевтың қолында болды.

Пхенчхандағы ақ аламанға Қазақстаннан 49 спортшы, 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Олимпиадада жалпы 15 спорт түрінен, 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Еске салсақ, біздің могулшылар Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков пен Юлия Галышева  жаһандық қысқы доданың іріктеуінен іркілмей өтіп, финалдық кезеңге шықты.ХХIII қысқы Олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғасады! Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!