Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шыға алмады

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеңіске лайықты жеңіліс! Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шыға алмады. Жартылай финалда отандастарымыз Испанияға жол берді. 

Кездесудің аяқталуына 1 минуттай қалғанда соғылған Дуглас Жуниордың голы үміт отын қайта жағып, командалар негізгі уақытта 4:4 есебімен тарқасты! Овер-таймда қарсыластардан Мегилин қақпамызға гол дарытса, Серік Жаманқұлов таразы басын теңестірді. Есеп 5:5! 

Ақырғы сәтте, пенальтиден 3:1 есебімен жеңіске жеткен Испания енді финалда. Қазақстан құрамасы енді Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін, Ресеймен таласқа түспек!