Кардашьянның қай қылығы көпшіліктің ашуына тиді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьянға әлеуметтік желідегі ашулы жанкүйерлері, жан-жақтан жабылып жатыр. Арудың ашық-шашық фотосы, оқырмандардың шамына шындап тиген. Мұндай қылық, әдетте Ким үшін дағдылы жай. Алайда, бұл жолы бар мәселе суретті кімнің түсіргенінде болып отыр.

Канье Уэсттің сүйіктісі, желідегі жеке парақшасына кезекті жазбасын жариялап жатып, оқырмандарының қаһарына ұшыраймын деп еш ойламаған-ды. Жартылай жалаңаштанған жұлдыздың фотосын, төрт жасар қызы Норт түсірген көрінеді. Қырағы көпшілік суреттің авторын айнадағы кескінінен тани сала, аруды балаларына дұрыс тәрбие бермейді деп айыптай жөнелген.

Кардашьян ханымға бүлдіршіндердің тәрбиесі жөнінде, әріптесі Анджелина Джолиден үлгі алған жөн болар. Қайырымды істерімен көзге түсіп жүрген алты баланың анасы, Elle басылымына ашылып сұхбат берді. Әйгілі журналдың бет-бейнесі атанған ол, журналиске неліктен қызын ерлер киімімен киіндіретінін айтып қалды. Актрисаның сөзінше, балдырғандарға таңдау жасауда ерік берген дұрыс болмақ.

Мұрагерлерінің тәрбиесін экс-әйеліне ысырып қойған Бред Питт болса, жол-көлік оқиғасының себепкері атанды. Тесла темір тұлпарын тізгіндеген сері,  алдында тұрған автокөлікті байқаусызда қағып кеткен. Қуанышқа орай оқиға орнында, ешкім жапа шекпеген.

Ал, танымал әнші Лана Дель Рей сахнаның төрінде тұрып, көз жасына ерік берді. Күні кеше, өнерпазды Атлантадағы жеке кешінде, белгісіз біреу ұрлап кете жаздаған болатын. Жағымсыз жағдайды бастан кешірген ару, әлі де өзіне келе алмай жүрген көрінеді..