New York Fashion Week

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелдік селебрити қазіргі уақытта Нью-Йорк қаласына ұшақ билетін қарастырып жатқан болуы керек. Себебі, алып шаһарда, сән апталығы өз шымылдығын түрді.

New York Fashion Week-те жапондық  Тадаши Шоджи, өз тың топтамасын таныстырды. Сәнгердің сөзінше, коллекцияның дүниеге келуіне арқау болған  #metoo флешмобы. Харви Вайнштейнның дауынан кейінгі сылқымдардың хабарламалары, дизайнерді ойландырмай қоймапты.

Тадаши Шоджи, сәнгер:

- Біз топтамамыздың тақырыбын «Батыл әрі Сенімді» деп алдық. Арулар ашық-шашық киінгендіктен зорлықтың құрбаны болып отыр, барлығына өздері кінәлі деп елдер жазғыруда. Мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін, әр әйел әрдайым өзінің тартымдылығын жасырмауы тиіс.