Жанар Дұғалованың көңіл жарастырған сүйген серісі бары рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше қырағы паппараццидің құрығына жұлдыздар қауымы емес, мына мен түстім. Кезекті шаралардың бірінде, Жанар Дұғалова екеуімізді қатар байқап қалған журналистер қауымы, бізді сан сұрақтың астына алды. Жұрттың сөзінен жалыққандықтан, бар шындықты жайып салуыма тура келді.

Тосыннан түсірілген дәл осы кадрлар, кейін қос жұлдыздың да тыныштығын қашырды! Шетелде бейқам демалып жүрген екеуінің видеосы желіге тарап кетісімен-ақ, жұрт оларды дереу жұптастырып та үлгерді!

Алайда, кейбір қырағылар жаңа махаббат хикаясының шикілігін бірден сезген. Себебі бұл, «Clear» сусабынының сәтті жасалған пиар қадамының бірі ғана.

Тәуекел Мүслім, актер:

- Бастапқыда Жанар туралы ешкімге айтқан жоқпыз. Және сондай бір, әңгіме болсын, жұрт қызықсын деп, Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деп қауесет жібердік. Дегенмен, ол өзі бір ықпалын жасады. Адамдар сұрай бастады, екеуің үйленіп қойдыңдар ма деп.

Қызыққұмар көпшілік Жанар Дұғаловаға да маза бермеген.

Жанар Дұғалова, әнші:

- Әрине көптеген смстер келді маған. Қыздардан көбінесе. Көбінесе сұрақтар қойылды. Бірге жүресіздер ме, Тәуекелге тұрмысқа шығайын деп жатырсыздар ма деген...

Осы сарындағы сансыз сұраққа, қос жұлдыз жалғыз бейнероликпен жауап беруді жөн көрді.

Бану Дуюлду, Unilever Kazakhstan компаниясының бас директоры:

- Ынтымақтастығымыздың нәтижесі сәтті болады деген сенімдемін! Жобада ат салысқаны үшін, жұлдыздарға алғысымды білдіремін.

Компания өкілдері, қолаң шашты Жанармен серіктестігін келешекте де жалғасытыра бермек!