«Суперсемейка-2» тизері желіге шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

Желіде «Суперсемейка-2» анимациялық туындысының тизері  жұртқа таныстырылды. Пиксар мен Диснэй студиясы бірлесіп жасаған бұл өнімге, «оскарға жаны құмар» атақты Брэд Берд режиссерлік еткен. Супер жанұяның өкілдері Пхёнчхан қысқы олмипиадасынан да шет қалмайды.

Мультфильмнің 2004-ші жылғы алғашқы бөлімі, әлем бойынша 633 млн доллар табыс жинап, өзіндік рекорд орнатқан еді.  «Суперсемейка 2»  анимациялық картинасының кейіпкерлерін сөйлеткен: Джонатан Бэнкс, София Буш, Кэтрин Кинер сынды танымалдар. Отбасылық туынды маусым айының басында прокатқа жол тартпақ.