«Мен - ақпын!» Тэйлор Свифт қандай ісі үшін, сот алдында айыпсыз деп танылды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі әнші Тэйлор Свифт тағы да даулы оқиғаға тап болды. Бұл жолы өнерпаз, белгілі бір әнге жиендік жасады деп жазғырылуда. Тіпті, айыптаушылар аруды сотқа да беріп үлгерген көрінеді.

Даудың басы, өнерпаздың «Shake It Off» трегінен басталған-ды. Туындыда, таныс тіркесті байқап қалған Шон Холл мен Натан Батлер есімді авторлар, әншіні бірден сотқа сүйреген. Алайда, араға уақыт салып, айыптаушылардың айтқандары негізсіз деп танылды. Себебі, ән мәтініндегі сөйлемдер оларға дейін, сонау 2001 жылы поп-мәдениетте қолданыста болған.                                                                                                                                                   

Тэйлордың ресейлік әріптесі Ольга Бузованың да жағымды жаңалығы жетерлік!Атышулы әнші, «ең сүйкімді қылмыскер» Джереми Миксты арнайы алдырып, таспалаған туындысын көрерменге ұсынуға әзір.                                                               

«Wi-Fi» трегіне түсірілген су жаңа бейнебаянды Бузова ғашықтар күніне орайластырып, жанкүйерлеріне дайындағанын айтады. Олганың өзі жасалған жұмысқа дән риза.                                                                                                          

Ал, махабатқа мас болған Ирина Дубцова шығармашлығын ойлайтын күйде емес! Түркия елінде демалысын ойдағыдай өткізіп жатқан бикеш, «Бір бірімізге тәуелдіміз» деген жазбамен сүйіктісінің суретін жариялады. Қалың оқырман болса, серінің кім екенінін тани алмай дал.