Элтон Джон өзінің қоштасу турнесінде, әлем бойынша 300-дей концерт бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аты аңыз Элтон Джон болса, музыкалық мансабымды аяқтаймын деп жаһанға ресми жар салған еді. Енді орындаушы, әлемді шарлап қоштасу турнесін жасамақ. Бұл бағдарламасы аясында оның, 300-ге жуық концерт бермек ойы бар. 70 жасар өнер иесінің бұған қауқары жете ме екен?!

Аты аңызға айналған Элтон Джон таяуды музыкалық мансабымды аяқтаймын деп ағынан жарылған еді. Үш жылға созылады деп жоспарланған ақырғы ән-сапарында,  өнер иесі әлемнің 300-ге жуық қалаларын аралап шықпақ. Әр концертінде шоу-қойылымдар үшін ақшаны аямайтын ол, бұл жолы да тыңдарманымды таңырқатамын деп отыр. Элтона Джон өзінің қоштасутурнесінде 400 млн доллардан астам пайда табуы мүмкін деп болжануда. Ең бастысы, жасы 70-тен асқан әншінің деенсаулығы сыр бермесе болғаны.

Ал, Дженнифер Энистон бұл концерттердің біріне енді жалғыз баратын болды. Себебі, ол өзінің екі жарым жыл заңды некеде тұрған жұбайы Джастин Терумен ресми түрде ажырасты. Бір-біріне деген көңілдерінің не себепті тез суып кеткендігін, актерлер көпшіліктен жасырып қалуды құп көрген. Жұптары жараспаған қос жұлдыз, енді достарымен уақыттарын өткізіп жүр. Дженифердің бұған дейін 2000-2005 жылдар аралығында Брэд Питпен тұрмыста болғаны бар.

Гарри ханзадаға тұрмысқа шығуға қызу дайындалып жүрген Меган Маркл болса, той болмай жатып корольдік отбасының қалыптасқан қағидаларының бірін бұзды. Ол болашақ жұбайымен Шотландияда қонақта жүр. Жергілікті халықпен кездесудің бірінде, Меган өзіне қолын созған адамға қолын ұсынудың орнына, құшақтап алған. Бұл ақсүйектер әулетінің ішкі этикасына жат қылық деп қабылдануда. Дегенмен, жұрт келешек ханшайымның мұндай  қарапайымдылығына разы.