Артур Төлепов қалыңдығын халыққа көрсетпейтін болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртас Жұлдызды 10 жыл жасырса, 2014-жылы шаңырақ көтерген Төреғали, былтыр ғана балаларының анасын көпшілікке көрсеткен еді. Отандық шоу-бизнестегі «жұбайын жұрттан жасыру» эстафетасын енді Артур Төлепов қабылдап алған сияқты...

Артур Төлепов, әнші, актер:

-Шыны керек мен өзім осы жағына қатты бір немқұрайлы қарамаймын да. Өзім уайымдаймын. Сол кезде де халықтың аузында, халықтың назарына тез таралып кеткеннен кейін, сөз тиіп кетеді, көз өтіп кетеді деп қорқамын.

Артур сүйіктісіне сезімін білдіріп, інісі Асылханның тойында оған ұсыныс жасаған еді. Төлеповтер әулетіндегі қуанышта Мәдинаға деген махаббатының шексіз екенін жеткізген сері, бұдан былай болашақ жұбайын жұрт назарынан тыс жерде ұстағанды жөн деп шешіпті. Бүгінде қызу дайындыққа кіріскен күйеу жігіт, жеке өміріндегі айтулы күнді жаз айында атап өтпек.  

 Артур Төлепов, әнші, актер:

- Бұйырса иә, мен жасырмаймын үйленетінімді, биыл тойым болатыны... Бір сөзбен айтайын тойға «мынандай» дайындықтамын! Болды!

Дүбірлі тойға білек сыбана кіріскен Артур, шығармашылық мансабын шыңдауда да шет қалып жатқан жоқ. Актер, әнші Индира Елеместің кезекті клипіндегі басты кейіпкерді сомдап жатыр. «Телефон» деп аталатын туындының желісі атыс-шабысқа толы трюктерден тұрады. 

Артур Төлепов, әнші, актер:

- Жалпақ тілмен айтқанда тентек жігіт. Қазір төбелесеміз, қырғын қан болады деп жатыр. Көреміз не болатынын. Сол төбелеске дайындалдық. Әртістердің бәрін күттік. Дайындыққа бір үш сағаттай кетті. Сондықтан дайындығымыз бар. Енді тек қана камера, мотор қосылды, кеттік дегенді күтіп отырмыз.

Индира Елемес, әнші:

- Осы бейнебаянда Артур екеуіміз «спецагенттің» рөлін сомдаймыз. Әлемді құтқару мақсатында солай түсіріп жатырмыз.