Дженнифер Лоуренс Голливудта мал бағады ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Геннадий Голловкин өзінің кезекті жекпе-жегінде қарсыласын құлатуға мықтап бекінген! Ал, актриса Дженнифер Лоуренс өмірден тиген  соққыларға төтеп бере алмауда. Ол тіршіліктен жаңа тыныс іздеп жүріп, мал шаруашылығымен де шұғылданған екен.  

Көптен бері көзге түспей, ел назарынан тысқары қалып қойған Джениффер Лоуренс телетізгінді қайтадан қолына алуда. Көкжәшіктен кетіп, мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлаған актрисаның кәсібі өрге баспаса керек, енді ол фильм таспалауға кіріскен. Ағымдағы жылда, Дженифер қалың көпшілікке жеті бірдей кинотуындыны ұсынбақ.

Ди Каприоның тауы шағылды. Актер Нина Агдал есімді сұлумен, бір жылдан бері көңіл жарастырып жүрген еді. Тіпті анасымен және ең жақын досы Тоби Магуайермен де таныстырған болатын. Осы жағдайлардың соңы тоймен бітері анық еді. Бірақ сәнбике, Леоны Джек Бринкли есімді 22 жастағы жігітке айырбастап кеткен. Арада жарты жыл өтсе де, Ди Каприо әлі де жалғыз. Ал инсайдерлер ұсынған суреттерге қарасақ, Нина жаңа сүйіктісімен шет елдерді аралап, бақытты күндерін өткізуде.

Жүктілік - биік өкшелі аяқ-киім киюге кедергі емес! Голливудтық жұлдыздар осындай пікірде. Мәселен, актриса Эн Хэтуейдің аяғы ауырлағанына сегізінші ай өтсе де, биік тақадан бас тарта алмапты. Эва Лонгория, Натали Портман, Джесика Альба сынды өнер жұлдыздары да осы тізімде бар.