Қайрат Нұртас балаларын халық алдына шығармақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шығармашылығын ысырып, жары Жұлдызбен демалысқа  атанған Қайрат Нұртас, туған күнін Мальдив аралдарында атап өтті. «Хитмэн» 29-ға толып отыр! Қайраттың болашаққа құрған жоспары жетерлік. Тіпті, ол балаларын да халық алдына шығаруды ойлап жүрген көрінеді.

Қайрат Нұртастың жұлдызын жаққан дәл осы «Арман» әні еді. Кейін, ә дегеннен-ақ оның әр туындысы хитке айнала бастады.

Жиырма тоғыз жасқа толған өнерпаз, өзінің он жылдан асқан шығармашылық жолында жүздеген ән жазып, талай сәтті дуэттердің себепкері атанды.

Алайда, әнші құрған ең басты дуэт - ресейлік жұлдызбен еді. Нюшаны  қазақша сөйлеткен Қарат Нұртас, көпке дейін ел аузында жүрді.

Қайрат Нұртас, әнші:

- Менің риза болғаным бір күнде мен Москвада болдым. Нюшаға сол әнді тыңдаттым. Бірінші күні «менде келемін» деп сөйлегендері бар ғой рекламада. Артынан Алматыға келіп, кәдімгі қазақшалап, сөйлеп, ұрып тұр. Маған өзіме ұнады.

Бұл ән Қайрат Нұртастың сахнада жүргеніне 10 жыл толуына орай,  ұйымдастырылған концертте орындалды. Халық сүйіктісінің есеп берген осы кешіне, ресейлік рэпер Тимати да Қайратты құттықтай келген болатын.

Әрбір кешін ерекше шоуға айналдыра білетін әнші, киносаласында да толағай табыстарға жетті. Ең әуелі «Өкініш», кейіннен «Арман» атты картиналарды халық назарына ұсынды. Соңғы туындысы арқылы, Қайрат Нұртас он жыл бойы жасырған жарын көпке көрсеткен еді.

Қайрат Нұртас, әнші:

- Жұлдыз әлі сондай. Әлі сондай қарапайым, әлі сондай әдемі, әлі сондай тәтті. Рахмет саған, жаным-ааау! Осы күнді қанша күттің. Бізге де оңай болған жоқ ағайындар!

Жары Жұлдызды жанкүйерлеріне кино арқылы таныстырған Қайрат Нұртас, соңғы кездері бүлдіршіндерін де халық алдына шығаруды ойластырып жүрген көрінеді. Ұзын құлаққа сенсек, өнерпаз наурыз айында өтетін кешінде балаларын қалың бұқараға көрсетуді жоспарлап қойған.