Кайли Дженнер құны 1,5 миллион доллар көлікті иеленді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана тұңғышын өмірге әкелген Кайли Дженнер, енді құны 1,5 млн долларға татитын су жаңа көлігімен Нью – Йорк көшелерінде еркін зауламақ. Бұл тосынсый Кайлиді қатты қуантқаны анық. Сәнбикеге сыйлық жасаған кім екен?

20 жастағы сәнбике бір ай бұрын аман-есен босанып, жары Трэвис Скотқа қыз сыйлаған болатын. Енді рэпер өз сәбиінің анасын су жаңа көлікпен қуантып отыр. Кайли инстаграм парақшасына «Бұл автокөлік менікі дегенге сене алар емеспін» деген жазба қалдырған. Қара түсті Ferrari маркалы темір тұлпардың құны 1,5 миллион доллар екен.

Дженифер Лоуренс интимді өмірін жасыратын әртістердің қатарынан емес. Америкалық «The Wings » журналына берген сұқбатында, актриса өзіне ұнаған адаммен еркін қарым-қатынаста бола алатынын және эротикалық фильмдерді жанының сүйетінін айтқан. Әсіресе, соңғы шыққан «50 оттенков свободы» Джениффердің ең сүйікті картиналарының біріне айналып үлгерген.

Артық салмаққа тәуелді болмаса да, Анджелина Джоли диетаға отыруды құп көретін голливуд жұлдыздарының бірі. Актрисаның жанкүйерлері соңғы кездері оның тым арықтап кеткенін айтып, дабыл қағуда. Тіпті, бұл жағдайға Брэдті кінәлайтындар да бар екен. Бірақ Энджи, бұның бәрі тек жаңа кинотуындыдағы образы үшін жасалып жатқанын айтты.