Қанат Ислам 2017 жылғы «ең үздік менеджермен» келісімшарт жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қанат Ислам атақты Эгис Климаспен келісімшартқа қол қойды! Ол 2017 жылы беделді The Ring журналының пайымдауымен, «ең үздік менеджер» атанған болатын. Эгис қазірі таңда, Василий Ломоченко мен Сергей Ковалев сынды танымал боксшылармен жұмыс істейді. Енді, ол АҚШ-та қазақстандық боксшының ісін жүргізбек!

Қанат Ислам былтырғы жылдың 9-шы қыркүйегінде, Астанада канадалық  Брэндон Кукты нокаутпен ұтқан еді. Қандасымыз WBO NABO, WBA Inter-Continental белбеуінің иегері және WBA-дың әлемдік рейтингінде көш бастап тұр. 

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:

- Бұл жерден көптеген әлем чемпиондары шыққан, ол кісінің қолында да қаншама әлем чемпиондары бірге дайындалады. Мен үшін бұл үлкен мүмкіндік. Әлем чемпиондығына жету үшін, тағы бір табан жақындағанымды сезіп жатырмын.