Әуелбекованың атын жамылып ақша жинағандар кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана Әуелбековаға: «Сәлеметсіз бе, Мөлдір. Маған әншілер мен балалар бірлесіп дуэт жазады, - деген ұсыныс түсті. Біз ұйымдастырушыларға 75 мың теңге төледік. Сіздің денсаулығыңызға байланысты концерт кейінге шегеріліпті. Сіз хабардарсыз ба?!» - деп, бейтаныс ата-ана хат жолдаған. Ал, тосыннан тығырыққа тірелген әншінің жауабы қандай?!

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

- Алаяқтар да көп, аз емес. Соның біріне тап болған ғой, өкінішке орай. Мен ол кісіге айттым мен балалармен дуэт айтатын болсам, менің кішкентай бүлдіршіннен ақша алуға дәтім бармайды екен. Мен айтатын болсам тегін айтамын. Мен баламен дуэт айту үшін ақша алу деген, мен үшін трагедия.

Дәл осы оқиғаны естіп Әуелбекова аң-таң болғанын айтады. Тіпті өзін әбігерге салған жобадан да хабары жоқ болып шықты. Сондай-ақ, бұл жайт қалтасын қалыңдатуды ойлаған ұйымдастырушылардың құйтырқы әрекеті деп отыр. Алайда Мөлдірдің бұл пікірімен Серік Ибрагимов келіспейді.   

Серік Ибрагимов, әнші:

- Ақша алып жатса мүмкін ол өздерінің жұмыстарына. Өйткені жарыққа, қаншама аппарат алып жатыр, қаншама залды жалдап жатыр. Солай деп түсіну керек деп ойлаймын.

Десек те, сақтықта қорлық жоқ! Әнші мен ата-ананың арасында бизнес жасаған делдалдардың құрығына түспеу үшін, қарапайым халық қандай қадамға бару керек?

Зарина Омарова, әнші:

- Өзіме жазсын тікелей, инстаграмға жазсын. Қыздың шынында да бір таланты болса, әрине мен онымен айтамын.

Абырой болғанда алданғандар алаяқтарға берген ақшасын дер кезінде қайтарып алған. Әуелбековаға қуанышты хабарды жеткізген жас өнерпаздың ата-анасы, әншіге өздері қоңырау шалып, алғысын айтыпты.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

- Кейін рахметін айтып, «мен ақшамды қайтарып алдым, рахмет сізге» - деп, жауабын жазды.