«Мінезіміз әр түрлі!» Жұлдыздар жұбайымен қалай тіл табысады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер жолындағы кейбір танымалдардың, тек пиар үшін үйленуі де бек мүмкін! Осындай пікірге келген Жанна Орынбасарова, шығармашылық адамдарға өз отбасын сақтап қалу қиын екенін алға тартады. Ал, әншінің өзге әріптестері бұған не дейді?

Джаз жанрының жарқын өкілі Жанна Орынбасарованың, шығармашылық жолда жүргеніне жиырма жылдан асты. Әнші, осы уақыт аралығында, отбасының шырқын бұзбау үшін барын салған көрінеді.

Жанна Орынбасарова, әнші:

-Әр отбасының бағыты, келісім-шарттары болады. Махабатпен келісті ме, әлде тек пиар үшін келісті ма. Бірақ, менің ойымша, осы творчествода жүрген артистердің семьяны сақтап қалуы қиындау.

Әнші үшін, бақытты жанұя құрудың құпиясы тек біреу:

Жанна Орынбасарова, әнші:

-Менің ойымша екі жұптың көзқарасы бірдей болуы керек. Қөзқарасы бір боліп, түсіну болса, сондай кезде тіл табысып, ажыраспай өмір сүреді.

Алайда, Мәдина Сәдуақасова әріптесінің бұл пайымдауына мүлде қарсы. Отағасы екеуіміздің дүниетанымымыз бөлек болғанына қарамастан, біз мерейлі отбасының біріміз дейді ол.

Мадина Сәдуқасова, әнші:

-Бір-бірімізді түсініп, түсінуге тырысып өмір сүріп келе жатырмыз. Ұлымызды өсіріп, бірақ шығармашылығыма ешқандай кедергі қоймайды, түсінеді.

Өнердің арқасында көңіл жарастырған Арман мен Ашаға да, ортақ салада тер төгіп жүргендіктен, жанұяның бақытын ұйытып ұстау қиын емес.

Аша Матай, әнші:

-Екеуіміздің мінезіміз сан алуан түрлі, екеумізді екі түрлі. Дегенмен, бір-бірімізге бейімделіп келе жатқан сияқтымыз. Сол шығар енді ия, бір-бірімізге түсіністікпен қарап, мен кейде ашушаңдықпен алам негізі. Ал, Арман болса сабырмен.

Сабырымен сүйіктісін баураған Арманның, бұл тақырыпқа өз тұжырымы бар.

Арман Қоңырбаев, әнші:

- Өнерді бірінші орынға қоймаймыз. Біз білуімізше көп әншілер, өнерді бірінші орынға қояды ғой. Бізге бірінші орында отбасы болғандықтан, сондықтан ойымыз әрдайым бір жерден шығады.