Головкиннің бапкері мен Сауль Альварес сөзге келіп қалды

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкин мен Альварес қарымта жекпе-жек алдындағы, Лос-Анджелесте өткен медиа іс-шара аясында көз арбасу рәсімін жасады.

 

Баспасөз мәслихаты барысында, мексикалық боксшы енді отандасымызды  «нокаутқа түсіремін» деген уәдесін айтты. Головкиннің бапкері Абель Санчес те қарап қалмай, «Канелоны» рингте қашқақтамай, «жігітше жұдырықтасуға» шақырды.

Қос былғары қолғап шеберінің екінші жекпе-жегі, 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Бағасы 300-5000 доллар аралығындағы билеттер 28-ақпаннан бастап сатылымға шықпақ. Алғашқы жұдырықтасудан тең тарқасқан Головкин мен Альварестің қарымта айқасын, әлем жұрты тағатсыздана тосып отыр.