Бауыржан Исламхан қызыл қағаз алмауға уәде берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қайрат» клубының капитаны Бауыржан Исламханның, жасыл алаңда эмоцияға жиі ерік беретіні бар. «Батори» ендігі футбол маусымында қызыл қағаз алмаймын деп уәде берді. Жаңа үлгідегі формасын таныстырған оның командаластары да, ел чемпионатына тас-түйін дайынбыз дейді.

Бұл «Қайрат» футбол клубының биылғы ел біріншілігіне арналған жаңа командалық киім үлгісі. Су жаңа форма, талапшыл испаниялық бапкер мен мыңдаған жанкүйер, ойыншыларға жауапты міндеттер жүктеуде. 

Елдос Ахметов, «Қайрат» ФК ойыншысы:

- Әрине, шабыт береді деп айтсам болады! Сондықтан, жаңа күшпен, жаңа формамен... Жаңадан келген ойыншыларды көрдік, бізге осы маусымда көмектеседі деген ойдамын. Бар күшімізді саламыз, жақсы ойын көрсетуге.

«Қайрат» сапын толықтырған Уго Сильвейра мен Гай Ассулин, 2004-ші жылдан бері ел чемпионы атанбаған алматылық клубқа биыл көмектесе ала ма?!                      

Уго Сильвейра, «Қайрат» ФК ойыншысы:                                                                    

– Осындай клубқа келгеніме қуаныштымын! Мен Жеррар Гоу секілді «Қайратта» аңыз болған ойыншының орнын, лайықты баса аламын деген сенімдемін!                                                                                                         

Гай Ассулин, «Қайрат» ФК ойыншысы:                                                                  

– Мен де «Қайрат» қатарына қосылғанымды абырой санаймын! Біз ұжым болып, бұл маусымдағы чемпион атану деген мақсатқа жету үшін бәрін жасаймыз!

Маусым басында «Чемпион атанамыз» деп, футболшылардың бәріне жігер сыйлауға тырысатыны түсінікті! Тек, кәнігі бапкер Карлос Алос күні бұрынғы құрғақ уәдеден гөрі, ел біріншілігі барысында әліптің артын бағуға шақырды.

Карлос Алос, «Қайрат» ФК бас бапкері:

- Әлемдегі ешқандай бапкер, тек жеңіске жетеміз деп уәде бере алмайды меніңше. Бірақ, командамыз әр матчта жасыл алаңда ақырына дейін айқасатын болады. Басты мақсат чемпион атану!

Йә! Әр ойында ақырғы күші сарқылғанша күресу, «Қайраттың» атына сай айтылғандай. Дегенмен, соңғы уақытта матчта мінез көрсетіп, жиі қызыл қағазға ұрынатын футболшылары бар. Бұл үшін жанкүйерлері қапалы!

Бауыржан Исламхан «Қайрат» ФК капитаны:

– Мен оларды да түсінемін. Біз де подводить етіп дегендей.. Негізі ол дұрыс емес. Енді ол бізге сабақ болды. Олай істемеуге тырысамыз.. Бізде тек қана үлкен задачалар. Чемпионат бар, еуропа лигасы мен кубок бар.

4-наурызда «Астана» мен «Қайрат» Қазақстан Суперкубогі үшін таласқа түседі. Биылғы ел чемпионаты 11-наурыздағы алғашқы ойындармен ашылмақ!