Айдана Меденованы кезінде «Кешьюге» әкелген кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кешью» тобы арқылы танылған Айдана Меденованың, кезінде гелзбендке қалай қабылданғаны белгілі болды. Экс-Есентаеваны елең еткізу үшін, әншіге ет-жақындары көмектескен болып шықты. Қалай дейсіз ғой? Қазір айтамыз!

Бүгінде Айдана жанына жақындарын жиып, жаңа видео таспалап жатыр. Бұл бейнебаянда әншімен қатар әпкесі Назым, ағасы Ермек те бой көрсетеді. Бауырлар бірлескен жұмысын, осыдан 10 жыл бұрын бақилық болған аналарының рухына арнамақ...

Ермек Меденов, әнші:

-Біріншіден өзіміздің анамызға деген сағынышымызды білдіргіміз келеді, осы бейнебаян арқылы. Бұл әннің өзінің тарихы бар. Баяғыда шыққан өлең ғой...

Айдана анасынан айырылған сәтте 11-ші сыныпта оқып жүрген кезі еді. Табан астында өміріндегі ең жақын жанмен қоштасу, әсіресе үйдің кенже қызы үшін оңайға соқпаған. Қиын күндерді бастан кешкен кіші Меденоваға, әпкесі мен жездесі «Кешьюдің» кастингінде бақ сынауды өтінеді. 

Назым Меденова, А. Меденованың әпкесі:

- Он бірінші сыныпты бітіріп, оқуға түсті. Сөйтіп бірінші курста менің жолдасым болмай «Баян Есентаеваның кастингіне баршы» - деп, Айданаға өтініп, өзіміз бағыт-бағдар беріп, әрқашан ақылдасып отыратынбыз.

Айдана Меденова, әнші:

- Шүкір! Ағам мен әпкем болғанына шүкір! Олар болмаса сол кездің қалай боларын елестете алмаймын. Ол кезде олар болмаса қиын болатын еді.

Айдананың ата-анасы да өнерден кенде емес! Әншінің айтуынша, әкесінің қолымен салынған портрет, түсіріліп жатқан тың туындының тұздығы болмақ!

Айдана Меденова, әнші:

- Менің әкем суретші. Жас кезінде менің анамның суретін салған. Ол сурет сол кезде неше түрлі конкурстардан орын алған, әдемі сурет. Бейнебаянда біздің анамыздың суретін көрсетеміз.

Ал, Меденовтердің орындауындағы «Анашым-ай» әніне түсірілген бейнебаян, халықаралық әйелдер мерекесі күні жарыққа шығады.