Шоу-бизнес сүрбойдақтары әйелдер қауымына не сыйламақ?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл мерекеде олар жарларына алқызыл гүлдер тарту етпейді. Себебі олар әлі де бойдақ. Осы топқа жататын жігіттерге: «Қашан үйленесің?» деген сұрақ та таңсық емес. Десе де шоу-бизнестегі серілерден сыйлық алатын арулар кімдер?!

Көңілдегі көп кірбіңді ерітетін көктемнің алғашқы мерекесіне, шоу-бизнестегі сүрбойдақтар қалай дайындалуда? Олар 8 наурызда кімдерге сыйлық береді? Мәселен, ең сымбатты сері саналатын Тәуекел Мүсілімнің айналасындағы қыз-қырқынның биыл сыйлықсыз қалмасы анық.

Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:

- Әрине, 8-наурыз әйелдер мерекесі болғаннан кейін өзіме жақын, жақсы көретін әйелдеріме сыйлаймын. Ол анам, тәтем, әпкем және бір кісі.

«Бір кісі» деп болашақ жарын жұмбақтағандай болған актердың, алдағы бір-екі жылда шаңырақ көтеріп қалуы бек мүмкін. Бірақ, бұл белгісіз аруды Тәуекел жұртқа таныстыруға әлі асықпайтын секілді.

Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:

- «Үйленем» деп шешкен кезде міндетті түрде көрсетемін.

Тәуекелдің сыйлық тарту етер сүйіктісі бар делік... Ал Кенталдың көңілі қапалы.

Кентал, әнші:

- Сыйлық сыйлайтын сүйіктім қазір жоқ.

Ол әзірге, үйленіп, үй болуға асықпайтын секілді. Десе де, жүрегінің төрінен орын алар жан жолыға қалған жағдайда, Кентал оған не сыйлау керектігін осы бастан ойластырып қойған екен.

Кентал, әнші:

- Әрине гүл, парфюм, киім, мүмкін білмеймін енді телефон.

Әнуар Нұрпейісовтің өмірінде биыл күрделі өзгерістер болатын сияқты. Себебі, серінің сын-талаптарына сай ару әйтеуір жолығыпты. Көңіл жарастырып жүргендеріне көп болмаған сұлу, өнер жолының адамы екен.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

 Жалпы биыл сыйлық сыйлайтын адам бар және бұл кездесу жақында ғана болған. Сондықтан, әзірше ресми түрде бұл менің жарым деп айта алмаймын.

8-наурыздағы картина жігіттер үшін жыл сайын қайталанатындай! Бірі гүл сататын дүңгіршектерді аралап, сыйлық іздеп сабылғанда, бірі сүйіктісін әлі жолықтыра алмай жүр!