Лондонда үй қояндары «шеруге шықты!»

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйкімді жануарлардың басын қосқан «Питер Кролик» картинасының тұсаукесері. Көрермен асыға күткен  бұл фэнтезидің таныстырылымында, жайылған жасыл кілем бойымен бас кейіпкерлер Джеймс Корден мен Дэйзи Ридли жүріп өтті.

Джейм Корден, актер:

- Бұзық қоянның хикаяларын ата-анам бала кезімде оқып беруші еді. Туынды көрерменге қызық болады деп сенемін. Себебі, ертегі  көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймайды, өз айтары ойы бар.

Қолды-аяққа тұрмайтын Питер қоянның қызыққа толы хикаясын, қазақстандық көрермен 22-наурыздан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады!