Әсел Сәдуақасованың сыныптастарынан артық сырласы жоқ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әсел Сәдуақасованың жасы 33-ке келсе де, әлі күнге дейін құпиясымен бөлісер құрбы таппаған. Отандық шоу-бизнеске 16 жасында қадам басқан актрисаның, сыныптастарынан артық сырласы жоқ. Жаны күйзеліске ұшыраған өнер иесі, күні кеше оқушы кездегі достарының басын қосты.

«Класстастар» – 2000-шы жылы мектепті тәмамдаған жас түлектердің, 18 жылдан кейінгі кездесуін суреттейтін комедия. Ұзақ уақыттан соң қайта қауышқан құрбы-құрдастар әр түрлі салада қызмет етеді. Ата-анасының қалауымен, тәртіп сақшысы болған сыныптастардың бірін әнші Очоооу ойнайды.

Оһоооу, әнші, актер:

- Мұның бір тартымдылығы біріншіден «Класстастар» деп аталады. Екіншіден, ол кез-келген бірге оқыған адамдарға, қызық болады деп ойлаймын.

Класстардардың бас қосуына мұрындық болатын сынып старостасы Әлия. Тұрмыс құрмаған бикеш ауыл мектебінде мұғалім. Бұл рөл фильм продюсері Әсел Сәдуақасованың өзіне бұйырған.

Картинадағы оқиға желісінде достарын сағынған ол, ұстаздарының кенеттен ауруханаға түскенін сылтауратып, қатарластарын жинайды. Оқушылардың тәлімгерін Данагүл Темірсұлтанова сомдайды. Осыдан 35 жыл бұрын мектеп бітірген актрисаның, өмірде де әлі күнге дейін құрбыларымен қарым-қатынасы үзілмеген екен. 

Данагүл Темірсұлтанова, актриса:

- Біздің негізі класстас қыздар өзіміздің чатымыз бар былайша айтқанда. Өзіміз құрбы қыздар 5 қыз. Өзіміздің жетістік, жаңалықтарымыз туралы бөлісіп тұрамыз.

Ал, жабық көрсетілімнің алғашқы көрермендері «Класстастар» картинасынан соң түрлі ой түйіп, кей сәтте сағыныштары да оянғанын айтады.

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

- 2001-ші жылы бітірген оқушылардың кездесуі ғой. Сондықтан, бұл кино мен үшін өте жақын болды. Көптеген тонкий моменттері өзіме таныс болды. Менің ойымша көптеген адамдар өзін таниды деп ойлаймын.

Жәния Қалиева, актриса:

- Өз-өзіңе қатты сенімді болма. Өзіңе есеп бер. 10 жылдан кейін қандай боласың, 20 жылдан кейін қандай боласың. Мұның барлығын есте сақтау керек...

Парталас достардың қызықты оқиғаларын суреттейтін комедия, жуырда үлкен экранға жол тартады.