Месси тағы да «Әке» атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лионель Месси енді ертегі желісіне құрылған «Кролик Питер» мультхикаясын ұлдарымен отырып тамашалайтын болды. Үшінші рет әке атанған аяқдопшы, қамшыұстарының атын кім деп қойды екен?!

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси үшінші рет әке атанды! Бұл қуанышымен аяқдопшы инстаграм парақшасында бөліскен. Қажет сәтте, жарының жанынан бір елі ажырамаған ол, әйелі толғатып жатқанда үлкен ұлы Тьягомен теледидардан футбол да қарап үлгерген екен. Кеше ғана дүние есігін ашқан кенже атұстарына әлі ат таңдамаған. Үш бірдей ұлынан соң Месси: «енді қызды болсам» деген арманын да жеткізіпті.

Гарри ханзаданы «әке атанудан» бұрын, Меган Маркл екеуінің  мамыр айының он тоғызына жоспарланған тойы уайымдатады. Бұл жолы үлкен шу тудырған оның қалыңдығының көйлегі. Инсайдерлердің сөзінше, жарты миллион АҚШ долларына тіктірген бағалы киім келешек ханшайымға сыймай қалыпты. Десе де, бұған Меган сұлудың өзі аса алаңдамайтын секілді. Ол жергілікті арналарға берген сұхбатында, үйлену тойына дейін көйлегін түгендейтін уақыттың барын алға тартты.

Кристен Стюарт әзірге қалыңдық көйлегін киюге асықпайды. Десе де, оны экс – ғашығы Роберт Паттинсонмен бірге жиі көретіндер көбейген. Тіпті екеуін жұрт қайта жұптастырып та қойған. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмай шықты. «Сумерки» фильміне 10 жыл толуына орай, фэнтези авторлары тағы бір тың туынды түсірмек ниетте екен. Басты рөлдерді Кристен мен Роберт ойнайды. «Бізді тек түсірілім алаңы ғана байланыстырады» деген актер, алып-қашпа әңгімелердің бәріне нүкте қойды.