Стивен Спилберг кезекті картинасының тұсауын кеспек.

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі режиссер Стивен Спилберг видео ойындардың көмегімен бүкіл әлемді құтқармақ! Дарынды киногер дәл осындай сюжет желісін, су жаңа «Первому игроку приготовиться» фантастикасына негіз етіп алған. Ал, отандық көрерменге бұл картина қашан жетпек?

2045 жыл. Әлемде аласапыран мен бейберекеттік орнаған. Қиын-қыстау сәтте адамдар виртуалды ойындардан пана іздей бастайды. Тіпті, компьютерге құмартқандар жалған мен шынайы өмірді шатастырып, жеңіс үшін өзара таласқа түседі.

Стивен Спилберг таспалаған ғылыми-фантастикалық туынды, Эрнест Клайн романының желісі бойынша таспаланған. Картинада, «Оскар» жүлдегері Марк Райлэнс сынды дарынды актерларды байқауға болады.

Марк Райлэнс, актер:

-  Стивен қызық адам. Картинаны таспалау барысында, түсірілген кадрларға сағаттап қарап тұратын. Ол біз мән бере бермейтін дүниелерге, жіті назар аударатын. Жұмысына барынша жауапты жан.

Фантастикалық картина жоспар бойынша, өткен жылы жарық көруі тиіс еді. Алайда, «Звездные войны» блокбастеріне бәсекелестік тудыруы мүмкін деп шешкен киногерлер, премьера уақытын кейінге шегерген.

Ал, отандық көрермен Стивен Спилбергтің қиял-ғажайып әрі шытырман туындысын науыздың 29-нан бастап, үлкен экрандардан тамашалай алмақ!