Әнуар Нұрпейісов Абайдың «қара сөздерінен» неге шатасты?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнуар Нұрейісов сұлулық байқауына қатысатын қыздардың қытығына тиіп, сан сұрақтармен сүріндіргенді ұнатады. Актердің  аруларға қоятын сүйікті сауалдарының бірі «сіз кітап оқисыз ба?» Ал Әнуардың өзі, кітаптың бетін жиі ашатын жан ба?

Әртүрлі сұлулық байқауларына қатысатын қыздар, төрешілер қатарында Әнуардың бар-жоғына алаңдайтындай. Себебі, ол қоятын сауалдар сананы сан-саққа жүгіртіп, сұлуларды әбден әбігерге салады. Бірақ, бұл жолы «Соңғы оқыған кітабыңыз қандай?» деген сұрағымызға актердің өзі тосылып қалды.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

-Ал қазір іздейік... Абайдың қара сөздері. Екінші том менің ең сүйікті екінші томым. Менде екі том. Кішкентай жасыл кітаптар.

Әнуар кітаптың түсін жақсы ажыратқанымен, Абайдың аяқталмай қалған қара сөзі жайлы біраз ойланды, шатасты, күдік-сенімі аралас байламын айтты.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

- 46-шы ма..? 48 ба..? Енді 45 сөз жазылды. Бітті. Ал 46-шысы мүмкін бастаған шығар. Бітірген жоқ.

Медеу Арынбаев болса бүгінгі жастардың кітап бетін ашпайтынына қапалы. Ол интернет пен смартфонда табылмас білім кені, кітапта жатыр деген пікірде.

Медеу Арынбаев, әнші:

- Бұрынғы кезде көп оқыдық. Бізді солай тәрбиеледі. Сөздің ашығы. Бүгінгі күнде мен де айта алмаймын. Ай сол бұрынғыдай, сол кезеңдегідей көп оқиды деп.

Бүркіт өзінің жары Аишаның көп оқитынын айтып мақтанды. Ал жеке басы  біраздан бері кітаптың бетін ашудан қалыпты. Әншінің айтар себебі мынау.

Бүркіт, әнші:

-Мен кітапты көп жыл бойы оқып жүрдім. Бірақ 10 шақты жылдан бері оқыған жоқпын. Шыны керек енді қол тимей кетті. Сонан кейін жаңағы музыка, бейнебаяндар, шығармашылық. Содан кейін үйлендім, содан кейін бала – шаға сонымен қол тимей кетті.

Бірінің уақыты тапшы, екіншісі құлықсыз. Кітап оқу сирек құбылысқа айналуда. Дегенмен, қажетін парақтаудан табатындар әлі де баршылық.