Голливуд жұлдызы Николас Кейдж супеқаһарманға айналмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық жұлдыз Николас Кейдж де енді өзгелермен жұдырықтаспақ! Дарынды актерге, көптен күткен «Супермен» рөлі бұйырды. Өнерпаз, бұл cәтті бақандай 20 жыл армандаған көрінеді!

Қазақтың шапанымен күллі қазнетті шулақтан Николас Кейдж енді «супермен» костюмін киіп көрмек. Актер, бұл образды сонау 1998 жылы сомдауы тиіс болатын. Алайда, жоба көрерменге жол тартпады. Енді, араға 20 жыл салып Кейдж мырза «Юные титаны, вперед» анимациясында суперқаһарманды дыбыстамақ.

Warner Bros компаниясы да көп күттірмей, көрерменін кезекті тың туындысымен қуантпақ. Киногерлер “Фантастические звери: Преступления Грин-де-Вальда” картинасының трейллерін ұсынды. Сиквелдің бұл бөлімінде де режиссерлік тізгінді Дэвил Йетс өз қолына алыпты.  Киногер, бұған дейін Гарри Поттер туралы фильмдерімен көзге түскен.

Ал, әйгілі «Корона» телехикаясының кейіпкерлерінің жалақысы көпшіліктің түсінбеушілігін тудыруда. Картинада негізгі рөлді сомдаған Клэр Флойдың,  Мэтт Смитке қарағанда азырақ ақша алатыны анықталды. Киногерлерден бұл жағдайға қатысты мардымды жауап жоқ. Есесіне, еңбегі еленбесе де Клэр ханым көңілін түсірмек емес.

Клэр Фой, актриса:

- Бұл туралы не ойлайтынымды айтар болсам, барлығы уақыттың еншісінде. Алда көре жатармыз. Мен өз жұмысымды жалғастыра бермекпін.