Қайрат Нұртастың отбасына халық неге наразы?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Асылдық» арулар жеке өмірін талқыға салып жатса, Қайрат Нұртас керісінше отбасы мен өнердегі жолын тоғыстыратын шоуға қызу дайындықты бастап кетті. Бірақ, жанұясының әр мүшесін сахнаға шығарғанда, хитменге халық қарсылық білдіретін көрінеді.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

- Папасы, мамасы өлең айтып қойды. Мүмкін анауы шығатын шығар. Мүмкін енді иті айтатын шығар, мысығы айтатын шығар деген сияқты әңгімелер айтады. Енді мен ән айтуды қылмыс деп ойламаймын.

Қазіргі таңда Қайрат жанұясымен жаңа бағдарлама әзірлеп, таяуда тыңдармандарына тағы бір кеш ұсынбақ. Ауқымды шоуда әншінің ата-анасы, жұбайы мен балалары және інісі де өнер көрсетеді екен.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

- Әу демейтін қазақ жоқ дейді ғой. Сондықтан ән айту деген ұят нәрсе емес. Бір көшеде арақ ішіп, домалап жатқан жоқ. Не болмаса біреудің тұмсығын бұзып, ұрлық істеп түрмеге түсіп жатқан жоқ. Ол жаман нәрсе емес қой негізі. Негізі күндеуге болмайды. Айтқан адам айтқанынша айтсын. Халық ұнатып жатса тыңдайды.

Баянның шәкіртінің шырқаған әні құлақтың құрышын қандырса да, аруға ауыр сөз айтатындар аз емес. Жұрт Жарқынайды Жанар Дұғаловамен салыстырып, кей қылықтарын Ерке Есмаханға ұқсатып жатады екен.  

Жарқынай Ханайым, әнші:

- Жанар сияқты бола алмайсың деп айта береді. Қоймайды, әлі де айтады. Кішкене экранға шығып қалсам, «Сен Жанарға ұқсамайсың» - деп... Содан кейін, бір кездері Ерке Есмаханға ұқсатты түрімді. Содан кейін айғайлай береді дейді. Ән айтсам болды айғайлай береді дейді.

Ал, Ханайым болса Баян басқаратын орталықтан түлеп ұшқан таланттардың өнеріне тәнті екенін айтады.

Жарқынай Ханайым, әнші:

- Әпкелеріміздің жолымен жүріп, оларға ұқсауға тырысуға неге біздің хақымыз жоқ деп ойлаймын. Иә, мен оларды тыңдаймын, жақсы көремін. Кей кездері оларға ұқсағым келеді. Кей жерлерде олардан да мықты болғым келеді деген сияқты ғой.