Анджелина Джоли балаларының көзінше шомылудан қымсынбай ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жалғыздықтан қорқамын!» бұл Анджелина Джолидың соңғы берген сұқбаттарының бірі. Осы сөздері актрисаны сүйетін жанкүйерлердің біртіндеп азаюына жол ашқан. Себебі, ол: ержеткен балаларымның көзінше жуынудың еш айыбы жоқ» деген ұстанымда екен. Сіз, Анджелинамен келісесіз бе?!

Көпшілікті эпотажды образдарымен, ерсі қылықтарымен, тосын   жаңалықтарымен таң қалдырудан жалықпайтын Анджелина Джоли, бұл жолы да елді елең еткізді. Алты баланың анасы, балаларының көзінше жуына береді  екен. Мұның себебін, актриса жалғыз қалғанды ұнатпайтындығымен түсіндірді. Тіпті, көп жағдайда ештеңеден қымсынбайтын Америка жұртының өзі, бұл жайтты естігенде, Энджиды сөге бастады. Бірақ, ол ойын өзгертпейтін секілді.

Тейлор Свифт шығармашылығын қайта қолға алды. Ол альбомдар жазып, түрлі бейнебаяндарды жарыққа шығаруда. Бірақ, соңғы кезде ізденіске зауқы жоқ секілді. Оның хитке айналып үлгерген «delicate» әнінің клипі, плагиат болып шыққан. Бұл жайында «Кензо» брендінің өкілдері ресми сайтында хабарлады. Әртүрлі өнімдер шығаратын компанияның жарнамасындағы сюжетті, дәлме-дәл көшіріп алған әншіні олар сотқа бермепті. Тек «Тейлор барлық жерде бірінші болу мүмкін емес. Қолыңнан келмей жатса кел, көмектесеміз» деген жазба қалдырған. Ал Тейлордың өзі әзірге үнсіз...

One Direction тобының экс-солисі Гарри Стайлс та жұртты  дүрліктіруден жалықпауда. Миллиондаған қыздың арманына айналып үлгерген әнші, ешқандай сұлуға бұйырмайын деп тұр. Үйленгелі жатқан жоқ... Тек оған сылқымдарға қарағанда, серілер көбірек ұнайды екен. Бұл жайтты танымал орындаушы өзінің жаңа әні арқылы жеткізген. Мұны естіген арулардың көпшілігінің көңілі түсіп, оның концертінің ортасынан кетіп қалған көрінеді.