Қай әртіс шетелге көшпек, қандай өнер иесі туған жеріне адал?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдері әлемнің түкпір-түкпірін аралап, саяхаттауды жанымен сүйеді. Тіпті кейбірінің көкейінде «көшу» туралы ой да жоқ емес сияқты. Жақын уақытта шет елге қоныс аударғысы келетін жұлдыздар кім? Тілшіміз сұрастырып көрді...

Жанар эстрадамыздағы танымал жұлдыздардың бірі. Алайда, бұл әнші қызды елде сирек көреміз. Бірі оны «Шет елге көшіп кетіпті» десе,  екіншісі «ол қоныс аударуға дайындалып жүр» деген алып-қашпа әңгімені жиі айтады. Жанар да, соңғы уақытта ел шекарасынан асып, өзге мемлекеттерге көп сапарға шығатынын мойындайды және оның себебін де ұқтырды. 

Жанар Дұғалова, әнші:

- Шет елге көп шығамын. Көбінесе жұмыс бабымен енді. Ешқайда да көшейін деп жатқан жоқпын.

Жанар, жұмыс бабымен жиі саяхаттауды ұнатқанымен, туған жерден басқа жақта тұруды құптамайды. Ал, Бүркіт қиялына ерік беріп, шетелге көшу туралы жары Аишаға ұсыныс жасап та көріпті.  

Бүркіт, әнші:

- Мен Аишадан сұрағам, енді қызық болсын деп сұрап көргем: шет елде тұрғың келе ма?-деп. «Жоқ, мен қайда кетемін. Барлық туысқандар тастап»деді. Енді менің де ойым сол.

Ал, Әнуар Нұрпейісовты алдағы бірнеше жылда, отандық кинокартиналардан көрмесіңіз анық. Ол АҚШ-қа қоныс аудармақ. Бірақ уақытша. Білім қуып, режиссерлік мамандықты игергісі келеді.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

- АҚШ-қа кету керек. АҚШ-та үйрену керек. Сондықтан мүмкін бір не екі жылдың ішінде сол елге уақытша білім алу үшін көшетін түрім бар.

«Төбет тойған жеріне, ал адам туған жеріне» деген сөз тегін айтылмаса керек. Мың түрлі салдармен шекара асқандар, уақыт өте бір ғана себеппен елге оралары анық. Ол - туған өлкенің топырағына деген сағыныш!