Жания Джуринская жеке дүкенінің тұтынушыларына неге өкпелі?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, отандық киносаласында жүрген өнерпаздардың кейбірі, сатып алған дүниесі көңілінен шақпаса, кері қайтарып беруге еш қымсынбайтын көрінеді. Алайда, мұндай қылыққа актриса Жания Джуринская мүлде қарсы! Оның өз тұтынушыларына деген өкпесі қара қазандай... 

Дәл бүгін күллі әлем тұтынушылардың құқығын қорғау күнін атап өтуде. Осы датаға орай, шығармашылық жолда жүрген отандық өнерпаздардан, заңнан қаншалықты хабардар екенін сұрадық. Мәселен, сатып алушы ретінде, өз мүмкіндігін пайдалана бермейтін жұлдыздардың бірі – актер Шәріп Серік.

Шәріп Серік, актер:

- Дегенмен, өзім заң мамандығын бітіргенмін, заң жағынан бірнәрсені білу керекпін. Бірақ өткізіп, дұрыс емес бұзылған деген сияқты жағдайлар болған жоқ. Әрине, бірнәрсе алып, тамақ болсын мынау бұзылған деп, тастай салам, киім алып кимей қоямын.

Тіпті, актер бағалы заттардың өзін сапасы көңіл көншітпеген жағдайда, кері қайтарып бас ауырпайды екен. Шәріптің бұл қылығын, Жеңісхан Момышұлы құп көрмейді.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Мысалға аяқ-киім алсаңыз да, және телевизор алсаңыз да алар кезде оқып алу керек. Гарантиный талон дейт, соны оқып алғаннан кейін сатып алу керек.

Тіпті, режиссер керек болған жағдайда ұнамаған дүниесін кері қайтаруға да әзір.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Кроссовки алып, соны бір размер үлкен екен. Киіп болғаннан кейін, несін оқып, қайтадан барып өткізіп, ақшасын алдым.

Алайда, Жеңісхан сияқты адамдар Жания Джуринскаяның қас жауы секілді. Жеке дүкенін ашқан ару алған затын кері қайтаратын қыздарға қатты қапалы.

Жания Джуринская, актриса:

- Мен ондайды құптамаймын. Затты алдың ба, кері қайтарма. Мен оны күштеп сатқан жоқпын ғой. Сағаттап таңдап, кейін оны ұнамады деп кері қайтару ақымақтық.

Ал, әйгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек тұтынушы ретінде заңның кейі тұстарымен жақсылап қаруланып алғанын айтады.

Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші:

- Өзіме керекті, өмір сүруіме керекті 1-2 заңды білемін. Мысалы, менің тұтынып жатқан қорегіме яғни, тұтынып жатқан затыма біреудің түртуге, тиісуге құқығы жоқ.