Дарт Вейдердің киімі – мұражай жәдігері

Сообщить о проблеме с эфиром

Көрерменнің ыстық ықыласына ие болған «Жұлдыздар айқасы» картинасының режиссері Джорд Лукас арнайы мұражай ашпақ. Әйгілі киногер, тарихи-өнер орданың алғашқы құрылыс жұмысына да қатысып қайтты.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында бой көтеретін бұл мұражайдан, «Жұлдызды айқас» фильмінің заттарын да табуға болады. Мәселен, фантастикалық сиквелдегі Дарт Вейдердің киімі, бұдан-былай құнды жәдігерлердің біріне айналмақ.

 Джордж Лукас, режиссер:

- Иә, бұл өнер мұражайы болады. Алайда, мен оны антропология мұражайы да қылғым келіп отыр. Оның сәулетіне де бейжай қарамадым. Ғимараттың өзі өнер туындысына айналғанын қаладым. Сондықтан, байқағандарыңыздай дизайны өте ерекше.

Әйгілі режиссердің ерекше мұражайы, 2021 жылға дейін өз жұмысын бастайды деп жоспарланған.