Отандық өнерпаздар қандай картиналарды көруге кеңес береді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық өнер иелері болса, жаңадан шыққан картиналарды тамашалауға әлі асықпайды. Себебі, олардың өз сүйікті туындылары жетіп артылады. Тіпті, жұлдыздар арасында кино көріп, көз жасына ерік беретіндер де бар екен.

Тығыз кестесіне қармастан, шоу-бизнес өкілдері де қолдары қалт етсе, теледидар алдына асыға жайғасатындар қатарында. Мәселен, Шахизада үшін «кино» - орны бөлек өнер саласы. Фильмдерді тамашалап, әрдайым сезімге ерік беретін әнші, көпшілікті классикалық туындыларды тамашалауға шақырады.

Шахизада, әнші:

- Мен өзім баяғыдан сондай адаммын. «Қыз Жібек» киносын да, бұрынғы «Жестокий романс», тағы басқа киноларда көрген сайын жылаймын.

Ал, қазақстандық біршама табысты ленталардың жарық көруіне ат салысып жүрген Жеңісханның, киносүйер қауымға ұсынар өз тізімі бар.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Шетелдікке келер болсақ, бүкіл Джеки Чанный киноларын. Тағы айта алмаймын енді. Адам Сендлердің кинолары жақсы. «Пожарная свадьба» деген.

Қазақ аруы Айдай Исаева болса, Джеки Чанның емес, «Марвелдың» адал жанкүйері болып шықты.

Айдай Исаева, сәнқой:

- Енді әрине, көбіне шетелдің киноларын көреміз. Сапасы жағынан да, мағынасы жағынан да өте кермет кинолар көп. Есімде қалғаны, соңғы осы «Тор», «Игра престолов» енді сол сериал ғой. Оны жақсы көремін.

Сәнқой арумен салыстырғанда, Айнұр Ілиясованың талғамы мүлде бөлек. Актриса, киноқұмарларды отандық режиссерларды қолдауға шақырады.

Айнұр Ілиясова, актриса:

- Енді Ақан Сатаев, «Рэкетирдан» бастасақ ол да жаман емес, жақында көрген «Районы» киносы өте жақсы кинолардың бірі деп есептеймін.