Жанар Дұғалованың денсаулығы сыр беріп жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде күллі түркі тыңдармандарының жүрегін жаулаған Жанар Дұғалова, соңғы кездері көп көрінбейді. Тіпті, әнші ұзақ уақытқа шетел асып кеткен де болатын. Көзден таса болған арудың айтуынша, оның бұл әрекетіне алаңдауға тұрарлық өз себептері бар.

Америкаға аттанып, тыңдармандарын жаңа туындылармен қуантуды сиреткен Жанар Дұғалова, соңғы кездері тек шығармашылық басқосуларда төбе көрсетуде. Алайда, әнші мұны өнерге қайта оралу деп есептемейді.

Жанар Дұғалова, әнші:

- Енді, камбэк деп айтуға болмайтын шығар. Өйткені жаңа туындыны, бейнебаянды ұсынсаң камбэк деп айтуға болады.

Тыңдармандарын сағындырған өнерпаз шетелге оқу үшін бардым дейді. Оның үстіне, арудың шығармашылығының тоқтап қалуының тағы бір себебі бар.

Жанар Дұғалова, әнші:

-Денсаулыққа байланысты деп айтуға болады. Бірақ, барлығы артта қазір. 00:03:20Ақырындап-ақырындап жаңағы, формаға келіп жатырмын. Сондықтан да, жаттығуларды қайтадан бастадым.

Дұғалова, өз өнерін жандандыруға да қайта кіріспек. Мәселен ол, көп ұзамай қырғыз әншімен ортақ туынды жазуға ниетті.

Жанар Дұғалова, әнші:

Мейірбек Атабековпен болашақта дуэт болады. Бұл әнді саундтрек ретінде шығару керек болғанбыз. Бірақ, бір жағдайларға байланысты саундтрэк емес, кейін жеке бейнебаян қылып шығарамыз құдай қаласа.

Жанарды жуық арада қырғыз сахнасынан көріп қалсаңыз да таңқалмаңыз. Ал, оған дейін әнші жұмысына жан бітіруге білек сыбана кіріспек.

Жанар Дұғалова, әнші:

- Алаңдап, денсаулығымды ойлап жазып жатқан көрермендеріме көп рахмет. Мен оны бағалаймын. Және де жақын арада, оларды, құрметті көрерменді жаңалықтарыммен қуантатын боламын.