Гарри ханзада мен Меган Маркл туралы фильмнің трейлері шықты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақсүйектер әулетінің мұрагері мен одан үш жас үлкен, бұрын ажырасқан актрисаның махаббаты! Гарри ханзада мен Меган Марклдың хикаясы әркімге де қызық болары сөзсіз. Киногерлер той қарсаңында, қос ғашық туралы арнайы фильм таспалауға кіріскен еді.

Енді, міне араға уақыт салып, режиссерлер туындының трейлерін ұсынуға әзір.

Лентада Гарри Ханзада мен Меган Марклдың алғашқы таныстығынан бастап, той күніне дейінгі бастан өткерген әрбір сәті боямасыз баяндалмақ. Басты рөлді сомдауға киногерлер Мюррей Фрейзер мен  Париса Фитц-Хенлиді таңдаған. Ал, туынды 13 мамыр күні көрерменге жол тартады!