Джастин Бибер «Полночное солнце» картинасының тұсаукесеріне жалғыз келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі әнші Джастин Бибер «Полночное солнце» фильмінің премьерасынан табылды. Өнерпаз айтулы шараға өзінің жақын жолдасы, Арнольд Шварценеггердің ұлы, Патрикке қолдау көрсетуге келген.

Патрик Шварценеггер, актер:

-Әкем сияқты, мен де киносаласында өз сара жолымды салғым келеді. Көп нәрсені мен сол кісіден үйрендім.

Картинаның сюжетінде 17 жасар Кэти есімді бойжеткеннің тағдыры негіз болған. Ерекше дертке шалдыққан ару ғашығын кездестіріп, сүйіктісі үшін жанкештілік әрекетке бел буады. Аталмыш жауапты рөл, дарынды актриса Белла Торнға бұйырған.