Уилл Смит актерларды қаламақысы мөлшерімен басып озды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде Уилл Смит те осы жас актерлар секілді, бірен-саран рөлдермен өз мансабын бастаған еді. Бүгінде актер Голливудты таңқалдырып, кезекті картина үшін ең қомақты гонорарға ие болмақшы!

Уилл Смитт – көптеген актерларды шаң қаптырып келеді. Жақында үлкен экранға жол тартатын «Алладин» фильмінде «Жынды» сомдайтын актер, рөлі үшін 50 мың АҚШ долларын алған. Таң қалуға асықпаңыз! Бұл бастапқы төлемақы ғана. Ал негізгі төлемнің сомасы әзірге құпия. Тек, бір белгілісі бұған дейін Голливудта мұндай гонорар алған актер болмаған!

Кристен Стюарт ондай қомақты гонорар алмаса да, түсірілім алаңынан босамайды. Жақында Джин Сибергты сомдатайтын ол, бірнеше айға БАҚ өкілдерінің назарынан тасада болуды қалайды екен. Аталмыш рөлдің қиындығы сонда, Джин тек актриса ғана емес, ол әділдік үшін шырқырап, шарқ ұрған әйел болған екен.

Дженнифер Лопес өз мансабын ол алғаш бастаған жылдары көптеген әділетсіздіктерге ұшыраған екен. Мәселен, кәмелеттік жасқа толмаған оны, кастингте режиссерлардың бірі шешінуін талап еткен. Қарсылық танытқан соң, іріктеуге қатыстырмай қуып шыққан екен. Бірақ Джейло сұқбатында: «бұлардың бәріне мойынсұнбай, бәрібір актрисалықты қолға алдым. Нәтижесі жаман емес секілді» деп айтқан.